Президенттік жоғары консультативтік кеңес жиналысы болып өтті

Президенттік сарайда баспасөзге жабық өткен жиналыс шамамен 2,5 сағатқа созылды.

1572726
Президенттік жоғары консультативтік кеңес жиналысы болып өтті

Президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында жүзеге асқан Президенттік жоғары консультативтік кеңестің отырысында батыс қоғамдарында артып отырған шетел дұшпандығы мен Ислам дұшпандығы тақырыбы қолға алынды.

Президент Ердоған басшылығында Президенттік сарайда баспасөзге жабық өткенжиналыс шамамен 2,5 сағатқа созылды.

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун жиналыстың артынан жасаған жазбаша мәлімдемеде кеңес мүшелерінің батыс қоғамдарында артып отырған шетел дұшпандығы мен Ислам дұшпандығы тақырыптарының талқыланып, Ислам әлемінің қазіргі жағдайын бағалағандарын атап көрсетті.

Алтун президент Ердоғанның жиналыста ұзақ уақыттан бері демократия, сөз еркіндігі, адам құқықтары деген масканың арқасында жасырынған батыс қоғамының нәсілшіл, бөлшектеуші, жауыз және вандал жүзін көрсете бастағанын түсіндіргенін мәлімдеді.

Мьянмадан Шығыс Түркістанға, Балкан мен Кавказдан Палестинаға дейін әртүрлі аймақтарда мұсылмандарға бағытталған, зұлымдық, қысым, басқыншылық және фанатизмнің байқалғанын тілге тиек еткен Алтун ең қайғылы оқиғаларға да Ислам жағрапиясында куә болынғанын атап көрсетті. ​​​​​​Алтун «Кеңес мүшелері ислам әлемін ішкі қақтығыстардан құтқарып, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға қоса дін негізіне сүйенбеген құрылымдар мен арқасындағы заңсыз күштерге қарсы күрес тақырыптарында пікір алмасты» деді.



Ұқсас жаңалықтар