Президент үш отандық вакцинаның соңғы сатыға келгенін айтты

"Вакцина жұмыстары жалғасады" деді ол.

1573002
Президент үш отандық вакцинаның соңғы сатыға келгенін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған коронавирус вакцинасы жұмыстары жөнінде үш отандық вакцина кандидатының соңғы сатыға келгенін білдірді.

Президент Ердоған Президенттік сарайда «Түркия Ғылыми жіне технологиялық зерттеу мекемесі TÜBİTAK және Түркия Ғылым академиясы TÜBA марапат кешіне» қатысты.

Президент осында Авиация, ғарыш және технология фестиваліндегі байқаулар арқылы жастарды жаңалық ашуға баулығандарын айтып: «Соңғы екі жылда 159 оқушы халықаралық және аймақтық ғылым олимпиадаларынан 144 медаль және 8 ынталандыру марапатымен оралды» деді.

«436 зерттеші вакцина және дәрі жетілдіруге байланысты 17 жоба жүргізіп отыр.  Қазір үш отандық вакцина кандидаты соңғы сатысына келді. Вакцина жұмыстары жалғасады» деді ол.

Ердоған Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректеріне қарағанда,  Түркияның Америка Құрама Штаттары және Қытайдан кейін коронавирус тақырыбыеда ең көп вакцина жобасын жүргізген үшінші ел екенін атап көрсетті.

2025 жылы Бүкіләлемдік Ғылыми форумын өткізуге дайын екендерін білдірген президент Ердоған: «Биыл тағы жаңа шақыру жасап, өз саласында жетік кемінде 100 зерттеушіні елімізге шақырамыз» деді.

Президент баяндамасынан кейін TÜBİTAK және TÜBA Ғылым жүлделеріне лайық деп табылған қатысушыларға марапаттарын табыстады.



Ұқсас жаңалықтар