"Жаңа реформа пакетін жақында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне ұсынамыз"

Режеп Тайып Ердоған партиясының ТҰҰМ-дағы отырысына қатысты.

1572239
"Жаңа реформа пакетін жақында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне ұсынамыз"

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған дайындық жұмыстары жақын арада аяқталатын жаңа реформа пакетінің жақында Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) ұсынылатынын білдірді.

Ердоған партиясының ТҰҰМ-дағы отырысына қатысты.

Президент Ердоған «Ұлтымызға жариялаған кезде бұл реформалық ұсыныстың 2023 жылы мен кейінгі жылдарға елімізді табысты түрде жеткізетін өте маңызды реттеулерді қамтығаны байқалады» деді.

Ердоған баяндамасында жаңа типтегі коронавирусқа қарсы (Ковид-19) жүргізілген вакцина бағдарламасының ауқымын кеңейтіп, ең қысқа мерзімде баршаға жеткізілетінін мәлімдеді.

«Біздің басты күн тәртібіміз - ұлтымыздың мәселелері» деген президент «Вакцинация жұмыстарының басталуымен жаңа бір сатыға өттік. Қазірге дейін елімізге 10 миллион доза вакцина әкелінді. Әлемде дамығанын айтқан көптеген ел вакцина таба алмай жатыр. Біз жасаған келісім арқасында 50 миллион дозаның қазірге дейін 10 миллион дозасын алдық» деді.



Ұқсас жаңалықтар