Түркия Сауд Арабиясына зымыран шабуылын айыптады

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта елді мекендерге зымыран шабуылы жасалды.

1571701
Түркия Сауд Арабиясына зымыран шабуылын айыптады

Түркия Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы азаматтық елді мекенді нысанаға алған зымыран шабуылын қатаң айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Эр-Риядтың үш күннен бері екінші  мәрте зымыран шабуылына нысана болғанына алаңдадық деп көрсетілді.

Мәлімдемеде:

"Риядтағы азаматтық елді мекенді нысанаға алған және Сауд Арабиясы әуе қорғаныс жүйесі тарапынан тосылған зымыран шабуылын қатаң айыптаймыз. Бауырлас Сауд Арабиясына және сауд халқына шынайы тілектерімізді жеткіземіз" деп көрсетілді.

Эр-Рияд  аспанында кеше қаланың көптеген жерінен жарылыс дауыстары естілгені хабарланды.

Әлеуметтік ақпарат желісі қолданушылары аспанда залалсыздандырылған бір зымыранның көрінісін бөлісті. 



Ұқсас жаңалықтар