Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күні

Президент Режеп Тайып Ердоған барша әлемде артқан ислам дұшпандағы және кекшіл сөздерді доғару керектігін білдірді.

1572050
Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күні

Президент Режеп Тайып Ердоған Коммуникация басқармасының Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай интернет сайт weremember.gov.tr арқылы мәлімдеме жасады. 

Адам баласының қиын бір кезеңнен өткен кезде жаңа типті коронавирус індетімен бірге нәсілшілдік вирустың да барған сайын кең қанат жайғанын түсіндірген Ердоған "Мешіт, синагога және шіркеу сынды ғибадат орындарына қарсы қанды әрекеттер артуда. Этникалық куәлігі, діні, тілі және нәсілі түрлі болған қауымдарға бағытталған шабуылдар күн сайын көбеюде. Нәсілшіл террор осы таңда әлеуметтік бейбітшілік және адамдардың бірге өмір сүру ынталарына қауіп төндіруде. Өткен тарихта болған оқиғалар нәсілшіл идеологиялардың қаншама аянышты трагедияға апарып соққанын білеміз" деген сөздер қолданды. 

Президент Ердоған Холокост, Босния, Руанда және Кампучия қырғындарында миллиондаған адамның құрбан болғанын еске салып, кекшіл сөздермен күресудің тек зардап шеккендердің емес, барша адам баласының ортақ міндеті екенін түсіндірді. 

Ердоған Холокост, Босния, Руанда және Кампучия сынды трагедиялардың қайталанбауы үшін халықаралық ұйымның талпыныс көрсетуі керектігін меңзеп, "Әсіресе цифрлық платформалар және баспасөз органдарының ықпалымен артқан ислам дұшпандығы және кекшіл сөздерді доғару керек" деді. . 

 



Ұқсас жаңалықтар