Президент жер сілкінісінде зардап шеккендердің жаңа үйлерін табыс етті

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияда соңғы 8-9 жылда 1,5 миллион тұрғын үйдің жаңартылғанын атап көрсетті.

1570764
Президент жер сілкінісінде зардап шеккендердің жаңа үйлерін табыс етті

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияда соңғы 8-9 жылда 1,5 миллион тұрғын үйдің жаңартылғанын, 6 миллион адамның жан мен мүлік қауіпсіздігін кепілдікке алғандарын атап көрсетті.

Ердоған Элазығдағы жер сілкінісінің жылдығына орай ұйымдастырылған еске алу және тұрғын үй тапсыру рәсімінде сөз сөйледі.

Президент Ердоған «Мемлекет ауыртпалық болмайды, ауыртпалықты жеңілдетеді. Мемлекет азаматының бақытымен бақытты болады» деді.

Ердоған бұдан былай барлық жобаларда көлденең архитектураны қолданатындықтарын атап, «Тік архитектура біз үшін әсіресе жер сілкінісі аймағында үлкен риск» деді.



Ұқсас жаңалықтар