Ердоған партиясының конгрестерінде сөз сөйледі

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның әртүрлі салада қарқынды дамығанын айтты.

1570520
Ердоған партиясының конгрестерінде сөз сөйледі

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы партиясының Стамбұл провинция басқармасынан Әділет және даму партиясы 7-ші кезектен тыс Денизли, Мерсин, Ушак провинция конгрестеріне тікелей эфир арқылы қатысты. 

Ердоған бұл жердегі сөзінде Түркия Республикасы тарихында жасалғандардың барлығынан көбін 18 жылда жүзеге асырғандарына мақтанғандарын түсіндірді. 

Түркияның әртүрлі салада қарқынды дамығанын баяндаған Ердоған "Терромен күресуден бастап, шекарамыздың қауіпсіздігін сақтауға дейін құлшына жұмыс істедік. Барлық бейуаз халыққа қол ұшын бердік. Табанды саясат жүргізу арқылы еліміздің абыройын көтердік. Әрбір азаматымыздың тұрмыс деңгейін өсірдік. Осындай табыстарға қол жеткізгеніміз үшін мақтанамыз" деді. 

Осы таңға дейін не істесек ұлтпен бірге істедік Ердоған сөзін былай жалғастырды: "Түркияның 2023 жылғы (Түркия Республикасының 100 жылдығы) мақсаты мен 2053 жылғы нысаналарын тағы да ұлтымызбен бірге жүзеге асырамыз. Халықты негізге алған саясатымыз 83 миллион азаматтың көңілінде орын алады. Алдымен халықты риза қылып, одан кейін дауыс беруді сұраймыз".

 



Ұқсас жаңалықтар