Ердоған: Өткен аптада не істедік?

Президент Ердоған Твиттер аккаунтында «Өткен аптада не істедік?» тақырыпты хабарлама жариялады.

1570466
Ердоған: Өткен аптада не істедік?

Президент Режеп Тайып Ердоған өзінің әлеуметтік желідегі аккаунтында «Өткен аптада не істедік?» тақырыпты хабарлама жариялады.

Президент Ердоған өзінің Твиттердегі аккаунтынан жасаған хабарламасында «Өткен апта әсіресе ауылшаруашылығы, энергетика және қорғаныс өнеркәсібі салаларында көптеген маңызды қызмет пен жобаны жүзеге асырдық. Пайдалануға берілетін жұмыстар жылдамдатылды. Түркияны одан әрі бақытты бір болашаққа жеткізу үшін біз қажымас қайрат және табандылықпен жұмыс істеуге тырысамыз» деді.

Хабарламасында Ердоған «Отандық «Istanbul F515» фрегаты теңізге түсірілді, Эргани мен Башлар су бөгеттеріне қоса Эргани ауыз суы тазарту қондырғысы іске қосылды. Сильван бөгетін сумен толтыру жұмыстары аяқталды. Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЕЭЫДҰ) Стамбул орталық штаб-пәтері ашылды, Мәдениет және туризм министрлігі 2019-2020 Арнайы марапаттау рәсімі болып өтті» деді.



Ұқсас жаңалықтар