Ердоған қарақшылар шабуылдаған кеменің капитанымен сөйлесті

Ердоған қарақшылардың шабуылына ұшыраған "Моцарт" атты кеменің капитанымен сөйлесті.

1570105
Ердоған қарақшылар шабуылдаған кеменің капитанымен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Нигерия теңіз айдынында теңіз қарақшылары шабуылдаған кеменің капитандарының бірі Фуркан Яренмен телефонда қайтадан сөйлесті.

Президенттік коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда, тақырыппен байланысты барлық жаңалықтарды мұқият қадағалаған Ердоған Габонға аялдаған кеменің шабуылынан аман қалған 3 экипаж мүшесінің денсаулығы туралы ақпар алды және қайтадан өзінің жақсы тілектерін жеткізді.

Президент Ердоған қарақшылар алып қашқан экипаж мүшелерін тезірек құтқару үшін барлық шаралардың тығыз жалғасқанын тілге тиек етті.

Басқа жағынан Түркияның Габондағы (Либревиль) елшісі Нилүфер Эрдем Кайгысыз теңіз қарақшылары алып қашқан «Моцарт» атты түрік контейнер кемесінің құтылған үш экипаж мүшесімен кездесті.

«Моцарт» атты Либерия байрақты кеме кеше Лагос қаласынан 180 мильдей қашықтықта теңіз қарақшыларының шабуылына ұшырады.

Теңіз қарақшылары 19 адамнан тұратын экипаждан 15 теңізшіні кепілдікке алып кемеден кеткен және шабуылда Әзербайжан азаматы 1 теңізші ажал құшқан болатын.

Кеме 3 экипаж мүшесімен Габонның Порт-Джантиль портына қарай бет алған еді.



Ұқсас жаңалықтар