Министр Караисмаилоғлу кепілдікке алынған теңізшілер туралы мәлімдеді

Қатынас және инфрақұрылым министрі кеменің Габонның Порт-Джантиль портына аялдағанын мәлімдеді.

1569894
Министр Караисмаилоғлу кепілдікке алынған теңізшілер туралы мәлімдеді
nijerya gemi gabon.jpg

Гвинея шығанағында теңіз қарақшыларының шабуылына ұшыраған Либерия байрақты түрік кемесі Габонның Порт-Джантиль портына аялдады.

Қатынас және инфрақұрылым министрі Адил Караисмаилоғлу Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «Моцарт» атты контейнер кемесінің Гвинея шығанағында теңіз қарақшыларының шабуылына ұшырағанын еске салып «Кемеміз Габонның Жантиль портына аялдады» деді.

Оқиғада қаза тапқан Әзербайжан азаматы теңізшіге Алланың рақымын тілеген Караисмаилоғлу «15 теңізшіміздің аман-есен Түркияға оралу үшін барлық мүмкіншіліктер жұмылдырылды» деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса жекеменшік бір арнада жасаған мәлімдемесінде кеменің Габон теңіз айдынында екенін, ұрланған түрік азаматтарын құтқару үшін қажетті байланыстардың барлық елдермен басталғанын атап көрсетті.

Кеменің шетелдік байрақты және кеме иесінің де шетелдік екені, бірақ экипажының бір түрік компаниясы тарапынан қамтамасыз етілгенін мәлімдеген Чавушоғлу «Кеме түрік компаниясына тиесілі емес. Ішіндегі 19 теңізші түрік, біреуі Әзербайжан азаматы. Өкінішке орай, Әзербайжан азаматы бауырымыз ажал құшты» деді.

Чавушоглу, әзербайжандық әріптесі Джейхун Байрамовпен тақырыппен байланысты  кеше сөйлескенін еске салып, «Мәйітті Түркия арқылы Әзірбайжанға жіберу үшін екі елдің сыртқы істер министрліктері, консулдық бөлімшелер қазір жұмыс істеп жатыр» деді.

«Моцарт» атты Либерия байрақты кеме кеше Лагос қаласынан 180 мильдей қашықтықта теңіз қарақшыларының шабуылына ұшырады.

Теңіз қарақшылары 19 адамнан тұратын экипаждан 15 теңізшіні кепілдікке алып кемеден кеткен және шабуылда Әзербайжан азаматы 1 теңізші ажал құшқан болатын.

Кеме 3 экипаж мүшесімен Габонның Порт-Джантиль портына қарай бет алған еді.



Ұқсас жаңалықтар