Чавушоғлу Бельгия сыртқы істер министрімен кездесті

Мәвлүт Чавушоғлу Бельгия сыртқы істер министрі Софи Вильмеспен кездесті.

1568805
Чавушоғлу Бельгия сыртқы істер министрімен кездесті

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу Бельгияның астанасы Брюссельдегі сапары аясында Бельгия сыртқы істер министрі Софи Вильмеспен кездесті. 

Министр Чавушоғлу кездесуден кейін твиттер арқылы мәлімдеме жасады. Чавушоғлу мәлімдемесінде 2023 жылының Түркия мен Бельгия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарының 185 жылдығы болатынын білдірді. 

Чавушоғлу Вильмеспен кездесу барысында Бельгияда бірге өмір сүру мәдениетінің символы болған түрік азаматтарымен байланысты тақырыптарды қолға алғандарын түсіндірді. 

Чавушоғлу мәлімдемесінде "Екі ел қарым-қатынастарының дамуына көлеңке түсіретін әрекеттерге рұқсат бермеуіміз керек. Еуропа Одағы мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға Бельгия қолдау жасауда. Бұған қатты ризамыз" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар