Октай мен Асадов телефонда сөйлесті

Әңгіме барысында екі ел арасында өзара ынтымақтастық шаралары қолға алынды.

1568555
Октай мен Асадов телефонда сөйлесті

Вице-президент Фуат Октай Әзербайжан премьер-министрі Али Асадовпен телефонда сөйлесті. Әңгіме барысында екі ел арасында өзара ынтымақтастыққа қатысты басылатын қадамдар қолға алынды.

Асадовтың ынтымақтастықты тереңдету мақсатты өткізілетін жиналыстардың Түркияда өткізілуі ұсынысына Октай «Бұл керемет болады. Сізді Түркияда күтеміз. Осында барлық тақырыптарды бірге талқылаймыз. Жаңа кезеңде жасауға тиісті көптеген жаңа жұмыс бар» деді.

Осы аяда ақпан айында Әзербайжан лауазымдыларын Түркияға шақырып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру қадамдарына шолу жасалатыны атап көрсетілді.

Әңгіме барысында сондай-ақ Фуат Октайдың туған күнін құттықтап, жақсы тілектерін жеткізген Асадов «Түркия үшін аса маңызды істер жасайсыз. Бұл әрине тек Түркия үшін емес, бауырлас Әзербайжан үшін де маңызды» деді.



Ұқсас жаңалықтар