Түркия Нигердегі террор шабуылын айыптады

Түркия Нигерде алдыңғы күні 4 сарбаздың қаза тапқан террор шабуылын айыптады.

1567179
Түркия Нигердегі террор шабуылын айыптады

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Нигердің Чад шекарасындағы Диффа аймағында болған террор шабуылында 4 сарбаздың қаза тапқаны және 8 сарбаздың жараланғаны туралы терең қайғы-қасірет тілге тиек етілді.

Мәлімдемеде «Осы опасыз террор шабуылын айыптаймыз, дос және бауырлас Нигер халқы мен үкіметіне шын жүректен көңіл айтамыз. Қаза тапқандарға Алланың рақымын және жаралылардың тезірек сауығып кетуін тілейміз» делінген.

Нигердің Қорғаныс министрлігі шабуылмен байланысты жасаған мәлімдемеде террор ұйымы Боко Харамның Диффа аймағында алдын ала жолға орналастырған жарылғышты әскери көлік өтіп жатқан кезде іске қосқанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар