Ірі және мықты Түркия құрылып жатыр

Президент партиясының құрылтайында сөз сөйледі.

1567546
Ірі және мықты Түркия құрылып жатыр

Президент Режеп Тайып Ердоған ірі және мықты Түркияның құрылып жатқанын айтты.

Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Ердоған партиясының 7-ші кезекті Сакария, Ялова, Кыркларелі, Эдирне және Чанаккале қалалық құрылтайларына Президенттік сарайдан тікелей эфирмен қосылды.

Өз сөзінде: «Мың жылдан бері осы жерде біздің жетістіктеріміздің артында миллиондаған адамның еңбегі, миллиондаған адамның қаны бар» деді. «Мың жыл өтсе де, бізге осы отанды лайық көрмегендер болатынын білеміз» деді ол.

Ол Түркияны демократия мен экономикада алда көрмеу үшін көзін жұмғандардың, құлақтарын тығындағандардың, жүректерін түнерткендердің бар екенін жақсы білетіндерін айтты. «Әділет және даму партиясының бүгін Түркияның 81 уәлаятында 1389 муниципалитетінің, 42 мың аудан мен ауылының әрбір қарысында инвестиция бар екенін жасыруға тырысқандарды да білеміз» деді ол.

Президент ірі және мықты Түркияны құрып жатқандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар