Министр Хулуси Акардың Ирак байланыстары

Ұлттық қорғаныс министрі мен Бас штаб басқармасы төрағасы Яшар Гүлер Бағдат сапарын аяқтады.

1566312
Министр Хулуси Акардың Ирак байланыстары

Ирак президенті Берхем Салих өз еліне ресми сапармен келген Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Бас штаб басқармасы төрағасы генерал лейтенант Яшар Гүлерді Президенттік сарайында қабылдады.

Ирак президенттік аппаратының баспасөз қызметі жасаған мәлімдемеге қарағанда қабылдауда көптеген салада ынтымақтастық қолға алынып, «Ирактың ешкімнің шабуыл орны болмау керек» екені баса айтылды.

Мәлімдемеге қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Ирактың егемендігі мен тұрақтылығын құрметтейтіндерін атап, ортақ ынтымақтастық пен үйлестірудің маңыздылығын тілге тиек етті.

Министр Акар мен генерал Гүлердің президенттік сарайдағы қабылдаудан кейінгі аялдамасы Ирак Ішкі істер министрлігі болды. Осында салтанатты рәсіммен қарсы алынған Акар Ирак Ішкі істер министрі Осман Али Фархуд Эль Ганимимен бас қосты.

Министр Акар содан кейін генерал Гүлермен бірге Түркияның Ирактағы өкілетті елшілігіне барды. Кейін Ербиль қаласына өтті.

Ирак премьер-министрі Мұстафа әл Казыми болса ресми сапармен Бағдатта болған Хулуси Акар және Яшар Гүлерді үкімет сарайында қабылдаған болатын.

Ирак премьер-министрлігінің баспасөз қызметі жасаған мәлімдемеде бас қосуда екі ел арасындағы ортақ тақырыптар мен әскери ынтымақтастықты күшейту шараларының қолға алынғаны атап көрсетілді.

Ирактан Түркияға бағытталған террор шабуылдарын қабылдамағандарын білдірген әл Казыми Иракта мұндай қауіптерді жоюдың қауіпсіздік күштерінің ел көлемінде болмысын танытуымен мүмкін екенін ескертті.

Ирак премьер-министрі армияны күшейту үшін Түркияның қолдауының қажет екенін де атап көрсеткен еді.

Мәлімдемеге қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрі Акар Ирак үкіметіне сәттілік тілеп, Түрік қарулы күштерінің Ирак армиясына террормен күрес, оқыту және кеңес беру салаларында қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар