Министр Акар мен генерал Гүлердің Ирак сапары ел баспасөзінде кең орын алды

Хулуси Акар мен Яшар Гүлердің Бағдатқа ұйымдастырған сапары назар аударды.

1566849
Министр Акар мен генерал Гүлердің Ирак сапары ел баспасөзінде кең орын алды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар мен Бас штаб басқармасы төрағасы Яшар Гүлердің Ирактың бас қаласы Бағдатқа ұйымдастырған сапары ел баспасөзінде кең орын алды.

Иракта ресми газеттің қызметін атқарған Сабах газеті бүгінгі санында «Ирак пен Түркия арасында шекара қауіпсіздігі келісімі» атты хабар жариялады. Акар мен Гүлердің Ирак премьер-министр Мұcтафа әл-Казыми, Ирак Президент Берхем Салихи және Қорғаныс министрі Жұма Инадпен болып өткен кездесулерінің егжей-тегжейіне орын берілді.

Елдің тағы мықты газеттерінің бірі «Заман» болса Акар мен Гүлердің Бағдат байланыстарын «Казыми Акарға Ирактан Түркияның тұрақтылығына бағытталған қауіптерді қабылдамағанын білдірді» тақырыбымен оқырмандарына ұсынды.

Ресми Ирак хабар агенттігі, Ирак ұлттық ақпараттық агенттігі және Әл-Меда газетіне қоса келуші саны ең көп болған хабар порталдарында да Акардың елге жасаған сапарына қатысты егжей-тегжейге орын берілді.



Ұқсас жаңалықтар