Отандық дрон "Сонгар" Түрік Қарулы күштері пайдалануға берілді

Әскери технологиялық жүйе «Сонгар» автоматты қарумен жабдықталды.

1565031
Отандық дрон "Сонгар" Түрік Қарулы күштері пайдалануға берілді

Түрік Қарулы Күштері тізіміне енген «алғашқы отандық қарулы дрон» Сонгар (Songar) алғаш рет сауытты бір көлікке орналастырылды.

Осылайша "Сонгар" қарулы дрон жүйесінің арқасында 4х4 әскери құрлық көлігі әуеден нысаналарды анықтау және алыстан қарумен атқылау қабілетіне ие болады.

Күндіз-түні әртүрлі әскери және қауіпсіздік операцияда тиімді қызмет ететін «Сонгар» асимметриялық қауіп-қатерлерге тәулік бойына автономды қону және ұшу мүмкіндігімен жауап беруге дайын болады.

Суретке түсіру ерекшелігі бар "Сонгар" бір немесе бірнеше дрондық жүйемен нысана аймағын анықтау, қауіпті залалсыздандыру, операциядан кейінгі зақымдарды анықтау сияқты көптеген маңызды міндеттерді орындай алады.

«Сонгар» шекара мен шекарадан тыс қауіпсіздік операциясында құрлықтағы көліктерге монтаждалып тұзақтар немесе қауіптерге қарсы әуеден оқ жаудырып, қажет жағдайда шабуыл мақсатты да қолданылады.



Ұқсас жаңалықтар