Түркияда вакцина ектіргендер 645 мыңнан асты

Қытайдан келген 3 миллион доза CoronaVac вакцинасы алғашқы сатыда 28 күн аралықпен екі доза ретінде егіледі.

1564902
Түркияда вакцина ектіргендер 645 мыңнан асты

Түркияда жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті үшін вакцина ектіргендер саны 645 мыңнан асты.

Қытайдан келген CoronaVac вакцинасы денсаулық сақтау қызметкерлеріне үш күннен бері егіліп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі санағына қарағанда Түркияда денсаулық сақтау қызметкерлерінің саны мөлшермен бір миллион 100 мың кісі. 

Министрліктің "https://covid19asi.saglik.gov.tr" парақшасынан вакцина ектірген адам санын бақылап отыруға болады. 

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа алғашқы доза вакцинаны халыққа көрсетіп, ектірді.

Қытайдан келген 3 миллион доза CoronaVac вакцинасы алғашқы сатыда 28 күн аралықпен екі доза ретінде егіледі.



Ұқсас жаңалықтар