"Өз ресурстарымызға негізделген сектор құрамыз"

Ердоған Энергия және табиғи ресурстар жобаларының топтық ашылу салтанатына онлайн түрде қатысты.

1564882
"Өз ресурстарымызға негізделген сектор құрамыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған «Тәуелсіз энергия, мықты Түркия» деген ұранмен мүмкіндігінше жергілікті ресурстарға негізделген энергия секторын құруды мақсат еткендерін айтты. Президент Ердоған Стамбулдағы Вахдеттин сарайынан Маниса қаласы Энергия және табиғи ресурстар жобаларының топтық ашылу салтанатына онлайн түрде қатысты.

Ердоған 2002 жылы міндетке келгелі бері Түркияға Республика тарихының ең табысты 18 жылын сыйлағандарын айтты. «Бізден бұрын тек бес ірі қалада табиғи газ болса,  осы мүмкіндікті 81 қалаға да қамдадық» деді ол.

Түркия бойынша табиғи газ таратуға жасалған инвестицияның 27 миллиард долларға жеткенін атап көрсеткен Ердоған: « 2021 жылы да табиғи газға инвестиция жалғасады» деді.

Ердоған: «Түркияның құлдырауын, дағдарыспен арпалысуын қалайтындарға керісінше елімізді жарқын болашаққа апарамыз» деді.

«Тәуелсіз энергия, мықты Түркия» деген ұранмен мүмкіндігінше отандық ресурстарға негізделген бір энергия секторын құруды мақсат еттік.  Түркияның дамуы үшін электр энергиясында күшімізді 18 жылда үш есе арттырып,  96 мың мегаваттқа жеткіздік. Тек өндірісте емес,  жаңаланатын энергия технологияларында да тартымды ел болуды нысанаға алып отырмыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар