Байлығымыз өркениетке қосқан үлесімізбен өлшенеді

Ердоған Ұлттық сарайлар басқармасы Сурет-мүсін мұражайының реставрациядан кейінгі ашылуына қатысты.

1564465
Байлығымыз өркениетке қосқан үлесімізбен өлшенеді

Президент Режеп Тайып Ердоған қоғамның басты байлығының өркениетке қосқан үлесімен өлшенетінін айтты.

Президент Ердоған Стамбулдағы Долмабахче сарайында Ұлттық сарайлар басқармасы Сурет-мүсін мұражайының реставрациядан кейінгі ашылуына қатысты. Осындағы сөзінде «Қоғамның басты байлығы өркениетке қосқан үлесімен өлшенеді» деді.

«Соңғы кезде Селчук және Османлы архитектурасының заманауи пайымдалуы деп айтуға болатын жаңа архитектуралық стильді қалыптастыруға тырысып жатырмыз» деді ол.  Президент: «Әлемде саяси және экономикалық күш теңгерімдері қайта пішінденген бір кезеңде мәдениет,  білім беру және отбасы ұғымдарына үңілуіміз қажет» деді.

«Енді елдердің егемендік құқықтары физиологиялық шекарадан емес, цифрлық әлемде шабуылға ұшыраудай деген Ердоған: «Қазір алдымызда жаңа кезең басталып жатыр.  Осы кезеңнің аты - цифрлық дәуір. «Кибер отанды» қорғаудың бір жағында техникалық инфрақұрылым болатын болса, бір жағында да контент өндіру жатыр» деді.

Ердоған отан қорғанысының теңізде көгілдір отан, цифрлық әлемде кибер отанды да қамтитындай түрде кеңейтетіндерін атап көрсетті. «Алдымыздағы кезеңде кибер отанды әрі техникалық инфрақұрылымды нығайту, әрі өркениетімізден нәр алған контент қалыптастыру арқылы қорғаймыз» деді ол.

Соңғы кездері түрік телехикаяларына әлем көлемінде көп қызығушылық болғанына тоқталған Ердоған: «Өз тарихымыз, мәдениетімізді арқау қылған сериалдарымыз әлемнің түкпір-түкпірінде кең таралса,  онда тура жолдамыз деген сөз» деді.



Ұқсас жаңалықтар