Ердоған Ковид-19 вакцинасын ектірді

Түркияда соңғы 24 сағатта коронавирустан 170 адам қайтыс болды.

1563882
Ердоған Ковид-19 вакцинасын ектірді

Түркияда соңғы 24 сағатта ковидтен 170 адам қайтыс болды.

Эпидемия басталғалы қайтыс болғандар саны 23 мың 495 кісіге көбейді.

Бір күнде 169 мың 847 сынама жүргізіліп, 958 науқас тіркелді.

Бір тәулікте 8 мың 962 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 9 мың 11 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны екі миллион 236 мың 938 кісіге жетті. 

Сонымен бірге Ковид-19 эпидемиясына қарсы вакцинация бағдарламасы да басталды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Анкара Қала ауруханасында Ковид-19 вакцинасын ектірді.

Президент Ердоған әлеуметтік желі Telegram арқылы бөліскен мәлімдемесінде:

"Мен де вакцина ектірдім" деп жариялады. 



Ұқсас жаңалықтар