Чавушоғлу Түркия мен АҚШ қарым-қатынастарына тоқталды

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу санкция әрекетінің Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы қарым-қатынасына зиян тигізетінін айтты.

1563596
Чавушоғлу Түркия мен АҚШ қарым-қатынастарына тоқталды

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу Жиһандық журналистер кеңесінің таралым органы "Жиһандық медиа" журналына жасаған мәлімдемесінде Түркия мен АҚШ-тың қарым-қатынастарының өзара мүдде және ортақ құндылықтарға негізделгенінін баяндап,  екі ел байланысының тарих барысында сыналған бір одақтастыққа ие екенін айтты. 

Чавушоғлу АҚШ-тың  бейтарап тұғыр ұстанған жағдайда Шығыс Жерорта теңізі сынды айиақтық мәселелерде белсенді рөл атқара алатынын атап өтті. 

АҚШ-тың Фетуллах террор ұйымы және YPG  сияқты террор ұйымдарымен ынтымақтастығының Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін түсіндірген Чавушоғлу жаңа АҚШ әкімшілігін осы тақырыптарда жедел әрекет жасауға шақырды. 

Мәвлүт Чавушоғлу "Диалог және дипломатия арқылы келіспеушілікті шешуге болады" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар