"Елімізді тұйыққа тірегісі келгендерге қарсы шығамыз"

Президент Еуропа елдерінің елшілеріне үн қатты.

1562156
"Елімізді тұйыққа тірегісі келгендерге қарсы шығамыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған «Жарамсыз максималист карталар бойынша елімізді тұйыққа тірегісі келетіндерге қарсы шығамыз» деді. Ол бірлік ұйымшылдығы деген сылтаумен Түркия –ЕО күн тәртібінің еленбей отырғанын айтты.

«Осы көзқарас бір жағынан тамырлы байланыстарымызды тұтқынға алады,  бір жағынан Одақтың аймақтық және жаһандық күш болу арманын да әлсіретеді. Жерорта теңізінің шығысын бәсекелестік алаңы болудан шығарып, ұзын мерзімді мүддемізге қызмет ететін ынтымақтастық қойнауына айналдыруымыз керек» деді ол.

Ердоған  Анкарада Чанкая сарайында Еуропа елдерінің Түркиядағы өкілетті елшілерімен бас қосты.

«Грекияны келіспеушілікті асқындыратын істерден аулақ болуға шақырамыз» деген президент келіссөздердің жаңа кезеңінің хабаршысы болатынына сенетінін тілге тиек етті.

Соңғы кезде Еуропа Одағының Кипр түріктерімен ешбір қатынасы болмағанына назар аударған Режеп Тайып Ердоған сөздерін былай жалғастырды: «Еуропа Одағы Кипр мәселесінің шешілуінде қалай жеңілдетуші рол атқаруы мүмкін? Түркия және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы орын алмайтын ешбір теңгерімнен Жерорта теңізі бейбітшілігі шықпайтыны түсінікті.  Кипрде сәтсіз болған әдістерді қайта қайта талқылаудың орнына жаңа және шыншыл баламаларды қолға алу керек».

Баяндамасында Еуропа көлеміндегі Исламофобиялық көзқарастарға да тоқталған президент Ердоған: «Исламға дұшпандық Еуропада өмір сүретін алты миллионға жақын азаматымыздың қауіпсіздігіне қатер төндіреді және Еуропа құндылығы тұрғысынан да үлкен қара дақ» деді.

Ердоған: «Ел ретінде ұзын мерзімді көзқараспен болымды күн тәртібін қалыптастыру және қарым-қатынастарымызды қайта жақсарту үшін дайынбыз. Еліміздің алпыс жылғы мүшелік процесі біз үшін стратегиялық таңдау болатын болса, Еуропа Одағының елімізді толық мүшелікке қабылдауы да одақтың болашағы тұрғысынан антологиялық таңдау болмақ.  Brexit-пен бірге артқан белгісіздік тек Түркияның Еуропа отбасындағы лайықты орнына келуімен шешіледі» деді.

 Баяндамасында Кеден Одағының да жаңалануы керектігін меңзеген Ердоған: «Көш тақырыбында өзгерген шындықтарды назарға алатын,  қатынастарымызға сенім мен серпін беретін түре болуы керек» деді.

Түркияның террормен күрес тақырыбында ешбір НАТО елін жалғыз тастамағанын еске салған президент: «Неге НАТО-ның басқа елдері бізді әрдайым жалғыз қалдырады?» деді.

Президент коронавирусқа байланысты да «Адам сынақтары сатысына келген отандық вакциналардың қажетті рұқсаттарды алғаннан кейін ұлтымыз бен барша адам баласының қызметіне ұсынамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар