Грекиямен келіссөздер 25 қаңтар күні қайта басталады

Зерттеушілік келіссөздерінің 61-ші туры 2021 жылы 25 қаңтар күні Стамбулда өтеді.

1561778
Грекиямен келіссөздер 25 қаңтар күні қайта басталады

Түркия мен Грекия арасындағы зерттеушілік келіссөздердің 61-ші туры 25 қаңтар күні Стамбулда өтеді.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Зерттеушілік келіссөздерінің 61-ші туры 2021 жылы 25 қаңтар күні Стамбулда өтеді» делінді.

Түркия мен Грекия зерттеушілік келіссөздерде Эгей мәселесіне екі тарап қабылдайтындай «әділ, тұрақты және ауқымды» шешім іздеу мақсатты 2002 жылы 12 наурыз күні бас қала Анкарада басталған еді.

Екі елдің сыртқы істер министрлерінің кеңесшілері арасында жүргізілген келіссөздердің соңғысы ретінде 60-шы тур 2016 жылы 1 наурыз күні Грекияның бас қаласы Афиныда өтті. Сол кездегі грек үкіметі тарапынан тоқтатылған келіссөздер одан бері саяси кеңес форматында жалғасты.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу кеше бас қалада жасаған мәлімдемеде «қаңтар айында алғаш жиналысты жүзеге асыру үшін Грекияны зерттеушілік келіссөздері үшін шақырамыз» деген болатын.

Грекия премьер-министрі Кирякос Мичотакис болса «Түркиямен зерттеушілік келіссөздері үшін уақыты белгілеген жағдайда бұл жиналыстарға қатысатындарын» білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар