2021 жылы «Акынджы» әскери пилотсыз ұшақтары тапсырылады

Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі төрағасы профессор Исмаил Демир мәлімдеме жасады.

1561499
2021 жылы  «Акынджы» әскери пилотсыз ұшақтары тапсырылады

2021 жылы алғашқы «Акынджы» әскери пилотсыз әуе көліктері табыс етіледі. «Аксунгур» қарулы пилотсыз ұшағының жаппай өндірісі жалғасады және «Атак Фаз-2» әскери тікұшағының алғаш тапсырыстары басталады.

Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы төрағасы Исмаил Демир «2020 жылы Бағалау және 2021 жылы нысанасы» жиналысында мәлімдеді.

Түркияның отандық қорғаныс өнеркәсібі жобаларына тоқталған Демир «2021 жылы «Акынджы» әскери пилотсыз әуе көліктері табыс етіледі, «Аксунгур» қарулы пилотсыз ұшағымыздың болса жаппай өндірісін бастаймыз. «Атак Фаз-2» әскери тікұшағының алғаш тапсырыстары басталады» деді.

2021 жылы (төмен биіктіктегі әуе қорғаныс зымыран жүйесі) «Хисар-А+1» қорға енгізілетінін атап көрсеткен Демир: «Хисар-О+ (орта биіктіктегі әуе қорғаныс зымыран жүйесі) сынақтарын аяқтап, жүйеге қосылуға дайын күйге келді» деді.



Ұқсас жаңалықтар