Президент Ердоған Зеленскийдің алғысына жауап қайтарды

Ердоған: Украин теңізшілердің үйлеріне аман-есен оралғанына қуаныштымыз.

1560530
Президент Ердоған Зеленскийдің алғысына жауап қайтарды

Президент Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ливиядағы украин теңізшілерді құтқарумен байланысты алғыс хабарламасына Твиттерден жауап қайтарды.

Президент Ердоған жеке Твиттер парақшасынан жариялаған хабарламасында «Менің қымбатты досым Зеленский. Украин теңізшілердің үйлеріне аман-есен оралғанына қуаныштымыз. Бірге барлық достарымыз, әлемдегі бүкіл бауырларымыз үшін күресті жалғастырамыз» делінді.

Ердоғанның ағылшын тілдегі хабарламасында Түркия мен Украина жалаулары да орын алды.

Зеленский Ливияда ұсталған украин теңізшілерді эвакуациялау үшін Твиттер арқылы президент Ердоғанға алғыс айтқан болатын.

Украина Президенттігі 7 қаңтар күні Ливия су айдынында 2016 жылы ұсталған Капитан Хайям танкері экипажы 4 Украина азаматының өз елдеріне оралатынын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар