Түркияда бір күнде 186 адам қайтыс болды

Эпидемия басталғаннан бері қайтыс болған азамат саны 22 мың 550-ге жетті.

1560175
Түркияда бір күнде 186 адам қайтыс болды

Түркияның коронавирус эпидемиясымен күресі жалғасып жатыр.  Соңғы бір тәулікте ел көлемінде 186 адам қайтыс болды.

Эпидемия басталғаннан бері қайтыс болған азамат саны 22 мың 550-ге жетті.

Бір күнде 184 мың 193 тест жүргізіліп, 1 291 жаңа науқас анықталды.  Бір күнде 11 мың 479 кісінің вирус жұқтырғаны тіркелді.

Емі аяқталған 8 мың 894 азаматты қосқанда,  сауығып кеткендердің жалпы саны екі миллион 182 мың 145 болды.



Ұқсас жаңалықтар