Түркия түлектеріне қолдау

Түркия университеттері түлектері үшін екі бағдарлама жарияланды.

1560069
Түркия түлектеріне қолдау

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы Түркия түлектеріне бағытталған жұмыстарын жалғастырады.

Түркияда түрлі университеттерде бакалавр, магистратура және докторантура оқығаннан кейін елдеріне оралған мыңдаған шетелдік студент Түркия түлектері жанұясына ғалым, саясат қайраткері, іскер, экономист, спорт және өнер қайраткері ретінде қосылады.

Басқарма Түркиядан аттанып кеткеннен кейін өз елдерінде және халықаралық аренада табысты болған,  елдерінің дамуына үлес қосқан Түркия түлектері үшін жыл сайын екі бағдарлама жариялады. Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы «Түркия түлектері ғылыми ынталандыру бағдарламасы» мен «Түркия түлектері спортта қызмет жүлдесі мен ынталандыру бағдарламасы» даяндап, Түркияда оқу бітіріп кеткен студенттерге материалдық көмек береді.

Түркия түлектері ғылыми ынталандыру бағдарламасы аясында Түркияда жоғары оқу оқыған ғалым мен зерттеушілердің түрік мәдениеті, тілі және тарихы жөніндегі ғылыми жұмыстарына көмек беріледі. Спортта қызмет жүлдесі мен ынталандыру бағдарламасы шеңберінде болса спортшы түлектердің болашақтағы табыстарына ынталандыру жасалады. Бағдарлама аясында халықаралық және аймақтық чемпионаттарда жеңіп шыққан Түркия түлектеріне қолдау көрсетіледі.

Бағдарламаларға өтініш қабылдау 10 қаңтар күні басталады және жыл бойы жалғасады. Өтініштер "basvuru.ytb.gov.tr" адресінен қабылданады.

Жаңа бағдарламалар жөнінде толық мәліметті "www.turkiyemezunlari.gov.tr" адресінен алуға болады.



Ұқсас жаңалықтар