АҚШ-тағы оқиғаға байланысты Ердоғанның пікірі

Ердоған «Капитолийге басқынның барлық адам баласын таңғалдырғанын» айтты.

1559983
АҚШ-тағы оқиғаға байланысты Ердоғанның пікірі

Президент Режеп Тайып Ердоған «Сөзге келгенде демократияның бесігі деп аталған Америка Құрама Штаттарындағы Капитолийге басқынның барлық адам баласын таңғалдырғанын» айтты.

Президент Ердоған Стамбулда журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ердоған Америка Құрама Штаттарының бас қаласы Вашингтонда 6 қаңтарда Джо Байденнің президенттік сайлаудан жеңіп шығуы бекітелетін Конгресс отырысында Трамп жақтаушыларының ғимаратқа басып кіргенін еске салды. «Сөзге келгенде демократияның бесігі деп аталған Америка Құрама Штаттарындағы Капитолийге басқын барлық адам баласын таңғалдырды» деді ол.

Ердоған Түркиядағы 2013 жылғы «Гези» оқиғалары және 2016 жылғы 15 шілде төңкеріс бастамасы кезінде үнсіз қалған және артынан түрлі хабарламалар жариялаған АҚШ пен АҚШ медиасына наразылық білдірді. «Сол кезде де Америка Құрама Штаттарында билікте демократтар бар еді. Демократтар қандай болса, республикашылардың да сондай екенін көрдік.  Демократия үшін қара дақ екенін байқадық. 20 қаңтар күнгі Байденнің міндетті қабылдап алу рәсімі тыныш өтер деп тілейміз» деді ол.

Президент бұдан былайғы процесте Байден мен Америка Құрама Штаттарының тыныштыққа қауышуын тілейтінін атап көрсетті. Ол «Коронавирус эпидемиясы кезеңінен өтіп отырмыз.  Осындай эпидемия кезінде сезімталдық жалғасады деп сенемін. Халықаралық қатынастарда да Америка Құрама Штаттарының өзгеше кезеңге өтуі керек. Оқиға барысында қаза тапқан кісілердің отбасыларына сабыр тілеймін, жарақат алған азаматтарға шипа тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар