Түркия АҚШ-ты байсалдылыққа шақырды

АҚШ-тағы түрік азаматтарымызға халық жиналған мекендер мен ереуіл өткізілген жерлерден алыс тұру ұсыныс етілді.

1558802
Түркия АҚШ-ты байсалдылыққа шақырды

Түркия АҚШ-та президенттік сайлаудан кейін болған ішкі оқиғаларды алаңмен бақылап отырғанын хабарлады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде АҚШ-та түнде Конгресс ғимаратына ереуілшілердің басып кіру талпынысына дейін барған ішкі оқиғаларды алаңмен бақылап отырғаны білдірілді.

Мәлімдемеде:

"АҚШ-тағы барлық тараптарды байсалды және сабырлы болуға шақырамыз. АҚШ-тың ішкі саяси дағдарысты байыппен шешетініне сенеміз" деп көрсетілді.

Мәлімдемеде АҚШ-тағы түрік азаматтарымызға халық жиналған мекендер мен ереуіл өткізілген жерлерден алыс тұру ұсыныс етілді.  



Ұқсас жаңалықтар