Түріксат 5А жер серігі ертең ғарышқа ұшырылады

Түркияның бесінші буын жер серігі Түркия уақытымен ертең сағат 04:26-да ғарышқа ұшырылады.

1559243
Түріксат 5А жер серігі ертең ғарышқа ұшырылады

SpaceX компаниясына тиесілі Falcon 9 зымыран тасығышымен АҚШ-тың Флорида штатының Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан ұшырылатын Түріксат 5А жер серігі 31 градус шығыс орбитада қызмет етеді.

Түріксат 5A жер серігі өзінің маневрлік өмірімен орбитадағы жиілігі мен құқығын 30 жылға қамтамасыз етеді.

Түріксат 5А Түркия, Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Орталық Батыс Африка, Оңтүстік Африка, Жерорта теңізі, Эгей теңізі және Қаратеңіз аймақтарын қамтитындай телеарна эфирлері таратып, коммуникациялық байланыс қызметтері ұсынады.

Жер серігінің 31 градус шығыс орбитада өз позициясына жетуі шамамен төрт айға созылып, осы жылдың екінші тоқсанында қызмет ете бастайды деп күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар