Чавушоғлу Гвинея лидерінің ант ішу рәсіміне қатысты

Мәвлүт Чавушоғлу сапар барасында бірқатар кездесу өткізді.

1546279
Чавушоғлу Гвинея лидерінің ант ішу рәсіміне қатысты

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу Гвинея Республикасында 18 қазанда ұйымдастырылған президент болып сайланған Альфа Конденің ант ішу рәсіміне қатысты. 

Гана, Чад, Конго, Буркина Фасо, Мали, Того сынды көптеген елдердің басшылары да орын алған ант ішу рәсіміне Түркия атынан Чавушоғлу қатысты. 

Мәвлүт Чавушоғлу сапар барасында бірқатар кездесу өткізді. 

Министр Чавушоғлу твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде "Дос және бауырлас Гвинеяның қайтадан сайланған Президенті Альфа Конденің ант ішу рәсіміне қатыстық. Президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның құттықтаулары мен сәлемін жеткіздік.Гвинеямен болған қарым-қатынастарымызды тіпті де дамытамыз. Бауырлас Гвинея халқына ден-саулық және бақыт тілейміз" деген сөздер қолданды.


 



Ұқсас жаңалықтар