Ердоған мен Әлиев ортақ баспасөз жиналыс өткізді

Бакуде ұйымдастырылған "Жеңіс Парады" рәсіміне қатысу үшін осы елде болған Ердоған Президент Ильхам Әлиевпен оңаша кездесті.

1543358
Ердоған мен Әлиев ортақ баспасөз жиналыс өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Армения халқына кек  сақтамағаны білдіріп, "Қателік Армения әкімшілігінде. Елімізде 100 мыңнан астам армян азаматтарымыз бар" деді. 

Әзербайжанның астанасы Бакуде ұйымдастырылған "Жеңіс Парады" рәсіміне қатысу үшін осы елде болған Ердоған Президент Ильхам Әлиевпен оңаша кездесті.

Кездесуден кейін екі ел президенті ортақ баспасөз жиналыс өткізді. 

Ердоған бұл жерде жасаған мәлімдемесінде 44 күндік бір соғыстан кейін қол жеткізген нәтижелердің Әзербайжандағы бауырларымызды қандай қуанышқа бөлесе, Түркиядағы бауырластарын да соншама қуанышқа бөлегенін айтты. 

Аймақтық бейбітшілік тақырыбында қажетті болған жағдайда алтылық бір платформа құруға болатынын түсіндірген Ердоған "Ресей, Түркия, Әзербайжан, Иран, Грузия егер қабылдайтын болса, онда Армения да осы платформаның ішінде орын алуына болады. Егер болымды қадамбар басылған жағдайда біз де қақпаларымызды ашамыз. Қақпаларымызды Арменияға жабайық деген бір ниетімізжоқ. Өйткені біз бейбітшіліктің қадамдарын басқымыз келеді" деді. 

Түркияның Армения халқына кек сақтамағанын түсіндірген Ердоған "Мәселе Армения билеушілерінде жатыр. Елімізде 100 мыңнан астам армян азаматымыз бар. Біздің халқымыздың кек сақтау дәстүрі жоқ. Мақсатымыз бейбітшілікті орнату және осыған орай қадамдар басу" деген сөзддер қолданды. 

Әзербайжан Президенті Әлиевте Түркияның Әзербайжанның қасында болуының өздеріне күш бергенін баяндап, "Түркия мен Әзербайжанның бір-бірімен қоян қолтық араласқан, бірбірінің қасында болған ел. Түркияның күші біздің қуатымызды арттырады. Түркия әлемнің күш орталығы болып табылады. Президент Ердоғанның басшылығында Түркия бүгін барша әлемге тәуелсіздік, жомарттық және батылдықтың үлгісі болуда" деді. 

Әлиев отан соғысында түрік қорғаныс өнеркәсіьінің өнімі әйгілі "Bayraktar"-дың (Ұшқышсыз әуе көлігі) жеңісте үлкен рөл ойнағанын атап өтті. 

Әлиев "Армения әкімшілігі негізсіз пайымдаулардан бас тартатын болса, онда олар да аймақта құрылатын түрлі ынтымақтастық платформада орын ала алады" деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар