Ердоған мен Октай мүгелектер күніне орай хабарлама жасады
Президент Ердоған және вице-президент Октай 3 желтоқсан Халықаралық мүгедектер күніне орай жолдау жариялады.
Президент Режеп Тайып Ердоған мүгедек азаматтардың қоғамдық өмірге көбірек араластыру және тыныштық пен әл-ауқаттарын арттыратын жұмыстарды жалғастыратындарын мәлімдеді.
Президент Ердоған 3 желтоқсан Халықаралық мүгедектер күніне орай жолдау жариялады.
Ердоған өз жолдауында «3 желтоқсан Халықаралық мүгедектер күнінің» бүкіл әлемдегі мүгедектердің өмірін жақсартатын және олардың өмірлерін жеңілдететін жаңа қадамдар басуға себеп болуын тіледі.
«Өмірдің барлық салаларында орын алып, қоғамның ажырамас бөлігі екенін көрсететін мүгедек бауырларымыз бізді спортта, өнерде, саясатта, білімде және бизнесте көптеген жетістіктерімен қуантуда», деді ол.
Президент Ердоған мемлекет ретінде мүгедектердің мәселелерін шешуді өздерінің басымдықтарының бірі болып қабылдайтын бір түсінікпен, оларды барлық мәселелерінде жалғыз қалдырмайтындарын және олардың өмірін жеңілдетуге талпынғандарын тілге тиек етті.
Ердоған «Біз мүгедек бауырларымыздың қоғамдық өмірге көбірек араласуы және олардың тыныштығы мен әл-ауқатын арттыру үшін жұмыс жасай береміз» деді.
Вице-президент Фуат Октай болса жеке Twitter парақшасынан бөліскен жолдауында «Сіз өмірдің әр кезеңіндегі жетістіктеріңізбен біз үшін мақтаныш пен шабыттың қайнар көзі болып табыласыз. 3 желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күніне орай кедергісіз бір өмір сүруіңізге тілектеспін. Кедіңіздер, кедергілерді бірге жойайық» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.