Түрік вакцинасының екінші дозасы егілді

Вакцинаның жағымсыз әсері байқалмады.

1534883
Түрік вакцинасының екінші дозасы егілді

Коронавирусқа қарсы жетілдірілген вакцина кандидатының екінші дозасы ерікті азаматқа егілді.

Эрджиес Университетінің хабарламасына қарағанда, бірінші саты жұмыстары шеңберінде бірінші дозасы Назиф Дурнаға егілген вакцинаның екінші дозасы 21 күннен кейін егілді. Назиф Дурна бірінші дозадан кейін ешбір жанамалы ықпал байқалмағанын айтты.  Сол себепті ерікті түрде екінші дозаны қабылдады.

Университет ректоры Проф. Др. Мұстафа Чалыш та вакцинаның бірінші дозасы егілген еріктілерден жағымсыз хабар алмағандарын білдірді.

Эрджиес Университетінің вакцина кандидатының бірінші дозасы 18-55 жас аралығында, ден саулығы жақсы және бұдан дейін коронавирус инфекциясына шалдықпаған 44 ерікті азаматқа егілген еді. 21 күні толған еріктілерге екінші дозасы егіліп бастады.

Осы вакцинаның бірінші саты зерттеулері 14 желтоқсанда аяқталып,  екінші сатыға өту жоспарланып отыр.



Ұқсас жаңалықтар