Түркия Филиппиндерге көңіл айтты

Мәлімдемеде Филиппиндер халқы мен үкіметіне шынайы көңіл айтылды және жаралыларға шұғыл шипа тілектері жеткізілді.

1530189
Түркия Филиппиндерге көңіл айтты

Түркия Филиппиндерге тропикалық дауыл себеп болған сел мен көшкін апатында қаза тапқандар үшін көңіл айтты. 

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде:

"Филиппиндерде Молаве, Гони және Вамба тропикалық дауылдары себеп болған сел мен көшкін апаттарында 100-ден астам адам қаза тапқанын, ауыр шығын салғанын және астана Манила тұрған Лузан аралының "апат аймағы" деп жарияланғанын естіп, қатты қайғырдық" деп көңіл айтылды.

Мәлімдемеде қаза тапқандардың жақындарына, Филиппиндер халқы мен үкіметіне шынайы көңіл айтылды және жаралыларға шұғыл шипа тілектері жеткізілді.
 



Ұқсас жаңалықтар