"Түрік және орыс делегацияларының техникалық кездесулері жүзеге асты"

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1529418
"Түрік және орыс делегацияларының техникалық кездесулері жүзеге асты"

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Әзірбайжан мен Армения арасында Қарабахта атысты тоқтатудың артынан түрік және орыс әскери делегацияларының Анкарада атқарылатын жұмыстарды талқылау мақсатты техникалық кездесу өткізгенін мәлімдеді.

Акар басшылығымен Бас штаб басқармасы төрағасы генерал Яшар Гүлер, армия қолбасшылары және министр орынбасарлары Юнус Эмре Караосманоғлу мен Алпаслан Каваклыоғлуның қатысуымен бейнеконференция өтті.

Министр Акар Таулы Қарабахпен байланысты қол қойылған келісімнің артынан Түркия және Ресей Қорғаныс министрліктері арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғанын еске салды.

Акар: «Мұның бәрі негізгі тақырыптар. Осыларды толықтыру үшін жұмыс істеу керек. Бұл туралы Ресейден үлкен техникалық делегация келді. Кездесулер өтті, біздің өзара жұмысымыз жалғасуда» деді.

Акар сондай-ақ Арменияның оккупациялаған жерлерден шегінген кезде үйлер мен ормандарды өртеп жіберуіне наразылық білдірді.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасын (СКТР) құрылуының 37 жылдығына орай тағы бір рет құттықтаған Акар «Кипр - Түркияның ұлттық мәселесі. Бұл жаңа кезеңде жалғасады. Бұрынғы көзқарасымыз, тұғырымыз және ойларымыз өзгерген жоқ. Понтилердің келіспеуші ұстанымынан бас тартулары олардың егемен және тепе-тең екенін мойындау керек. «Біз заңсыздыққа жол бермейміз» деп неше рет айтқан болатынбыз. Түркия СКТР-ның құқығын қорғайды» деді.

Түркияның кепілгерлік құқығынан туындайтын жауапкершіліктерін орындауды жалғастыратынын білдірген Акар Түркияның Кипр түріктерін ешқашан жалғыз қалдырмайтынын қайталады.

Зерттеу кемелерінің Жерорта теңізінің шығысында техникалық және ғылыми зерттеулерін жалғастырып жатқанын білдірген Акар: «Бұл кемелер өз жұмыстарын жалғастыруда, біз олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз және оларға серік боламыз. Осы тақырыпта табандымыз. Түрік Қарулы күштері ретінде біздер құрлықта, теңізде және әуеде еліміз бен ұлтымыздың құқығы мен мүдделерін қорғауға және оларды бақылауға бел будық» деді.



Ұқсас жаңалықтар