Түркияның Мосулдағы Бас консулдығы жақында ашылады

Түркияның Мосул қаласы Бас консулы Мехмет Күчүксакаллы мәлімдеме жасады.

1493794
Түркияның Мосулдағы Бас консулдығы жақында ашылады

Түркияның Мосул қаласы Бас консулы Мехмет Күчүксакаллы террор ұйымы ДАИШ-тің Мосулды басып алғаны себепті жабылған консулдықтың қайтадан ашылуы үшін соңғы сатыға келінгенін атап көрсетті.

Ирактың Мосул қаласы Бас консулы Мехмет Күчүксакаллы қала орталығында жұмыс істеп  бастаған Түркия Виза беру орталығын аралаған соң журналисттерге мәлімдеме жасады.

Виза орталығының іске қосылуының Мосул халқы үшін маңызды бір қызмет екенін атап айтқан Күчүксакаллы визаның қалай алынатыны жөнінде «Түркия визасы алу өте оңай. Өтініш бермей тұрғанда, алдымен орталықтың байланыс орталығына телефон шалып, брондау жасаңыз және саяхат мақсатына сәйкес қажетті құжаттар жайлы мағлұмат алыңыз. Өтініш беру кезінде де туристік, емделу, жұмыс, сауда, оқу сияқты саяхат мақсатыңызды білдіріңіз. Виза 1 жылға өтімді сондықтан виза сұраныстарыңызды соңғы сәтке қалдырмаңыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар