Президент Сивас конгресінің 101 жылдығына орай хабарлама жариялады

"Сивас конгресі және 1919 жылғы 4 қыркүйек күні ұлтазаттық соғыстың бетбұрыс кезеңдерінің бірі".

1484952
Президент Сивас конгресінің 101 жылдығына орай хабарлама жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған түрік ұлттының бұл жәннәт отанды тұтас қорғайтынын және оны ешқашан бөлшектетпейтінін мәлімдеді. 

Президент Ердоған Сивас конгресінің 101 жылдығына орай хабарлама жариялады.

Сивас конгресі және 1919 жылғы 4 қыркүйек күні ұлтазаттық соғыстың бетбұрыс кезеңдерінің бірі ретінде халқымыздың жадында өте маңызды орынға ие екенін баса айтқан Ердоған «Сивас конгресі Ұлттық күрестің іргетастарының бірі болған. Ұлтазаттық соғыстың дайындықтары осында жасалған. Ұлтымыздың басқыншы күштерге ешқашан бас имейтіні бірі-біріне етене жақындасып, күреске дайын екені үкіл әлемге тағы Сивас қаласынан жарияланды» деді. 

Конгресте қабылданған шешімдер сондай-ақ ұлттың ең қиын кездерінде барлық әлемге паш еткен бір тәуелсіздік манифесті екенін атап көрсеткен Ердоған «Ұлтымыз әр кезеңде байрағына, отанына және азаттығына бағытталған қауіптерге қарсы бірлік және ынтымақтастық шеңберінде күрескен. Жас-қария, әйел-еркек бүкіл азаматтарымыз, Ұлтазаттық соғыстағы рух және толқынмен ұлттық билікке әрқашан қорғады. Бұл бірлік пен ынтымақтастығымыз жалғасқан сайын еркіндігіміз, құндылықтарымыз және бауырластығымызға бағытталатын барлық қауіптерді жояды» деді. 

Ердоған «Сивас конгресінің 101 жылдығында тағы бір рет мандат және патронатты қабылдамаған ұлтымыз бұл жәннәт отанды тұтас қорғап, оны ешқашан бөлшектетпейді. Сивас конгресінде қамтылған бұл ұлттық ұстанымды қорғауға және сақтауға бел будық.  

Біздің жерімізді, байрағымыз бен тәуелсіздігімізді нысанаға алғандар тағы сол ерік-жігерді көріп, өкінетін болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар