Дағдарыс дәуірінде гуманитарлық көмек

TRT World Forum-да дағдарыс дәуірінде гуманитарлық көмек тақырыбында онлайн отырыс ұйымдастырылды.

1476324
Дағдарыс дәуірінде гуманитарлық көмек

Түркия телерадио корпорациясының TRT World Forum-ында дағдарыс дәуірінде гуманитарлық көмек тақырыбында онлайн отырыс ұйымдастырылды.

Әлемнің түрлі аймақтарында болған табиғи апаттар мен соғыстар нәтижесінде шыққан дағдарыстар гуманитарлық көмектің маңызын арттыра түсті.

TRT World Forum тарапынан жүзеге асырылған «Цифрлық таластар» бағдарламасының осы аптадағы тақырыбы дағдарыс дәуірінде гуманитарлық көмек болды.  Отырысқа Түрік қызыл жарты ай қоғамының төрағасы Др. Керем Кынык, Манчестер Университеті Жаһандық денсаулық және гуманитарлық істер профессоры Мукеш Капила, Иорданиядан тұңғыш әйел режиссер, сонымен бірге БҰҰ Әйелдер қоғамдық гендердік теңдік қорғаушысы Гада Саба және The New Humanitarian бас редакторы Джозефин Шмит қатысты.

Түрік қызыл жарты ай қоғамының төрағасы Др. Керем Кынык отырыста жаһандық мәселелер үшін шешімнің бірігіп ізделуі керектігін атап көрсетті.  Бірігіп күрестің тек халықаралық ұйымдар тарапынан емес,  жергілікті деңгейде де жүргізілуі керектігін айтқан Кынык: «Жергілікті көмек әдістеріне шоғырлану үшін қазіргі жұмыс істеу түрін өзгертуіміз керек. Қайтадан құрылған, жақсы ұйымдасқан жүйеге мұқтажбыз» деді.

Мукеш Капила болса «Жергілікті, ұлттық және жаһандық арасындағы байланысты қайта қарастыруымыз керек.  Әлем жаһандық ұйымдардан жылдам өзгерді» деді.

БҰҰ Әйелдер қоғамдық гендердік теңдік қорғаушысы Гада Саба гендерлік жікшілдікке тоқталып, дағдарыс барысында әйелдердің одан да көп қиналғанын айтты.

The New Humanitarian бас редакторы Джозефин Шмит гуманитарлық көмек тақырыбындағы тілшілердің қиыншылықтарымен таныстырды.



Ұқсас жаңалықтар