Министр Хулуси Акар мен генерал Гүлер Ливияда

Қорғаныс министрі және Бас штаб басқармасы төрағасы Митига әуежайында әскери рәсіммен қарсы алынды.

1474336
Министр Хулуси Акар мен генерал Гүлер Ливияда

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар және Бас штаб басқармасы төрағасы генерал лейтенант Яшар Гүлер Қауіпсіздік, Әскери ынтымақтастық келісімі аясында жүргізілген жұмыстарды өз орнында қадағалау үшін Ливияның бас қаласы Триполиге барды.

Министр Акар және генерал лейтенант Гүлердің сапарына орай Митига әуежайында әскери рәсім ұйымдастырылды.

БҰҰ тарапынан заңды деп қабылданған Ливия үкіметінің Қорғаныс министр орынбасары Селахаддин эн-Немруш, Бас штаб басқармасы төрағасы генерал-майор Мұхаммед эш-Шарифке қоса, Түркияның Ливиядағы өкілетті елшісі Серхат Аксен мен басқа да лауазымдылар тарапынан қарсы алынған Акар әскери топқа сәлем берді.

Рәсімнің артынан министр Акар және Бас штаб басқармасы төрағасы Гүлер келісім аясында құрылған Қорғаныс қауіпсіздік ынтымақтастық және оқу жәрдем кеңес қолбасшылығына барды.



Ұқсас жаңалықтар