Түркиядан Косово Қауіпсіздік күштеріне қолдау

Түркия Косово Қауіпсіздік күштеріне шамамен 743 мың долларлық әскери материал жіберді.

1470420
Түркиядан Косово Қауіпсіздік күштеріне қолдау

Түркия Косово Қауіпсіздік күштеріне әскери формалар мен көрпе-төсек және техникалық жабдықтардан тұратын шамамен 743 мың долларлық материал бағыштады. 

Косово Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде Түркия тарапынан Косово армиясына бағышталған  742  мың  904  доллар құнындағы материалдардың қабылдау рәсімінің бас қала Приштинедегі «Адем Яшари» атындағы казармада ұйымдастырылғанын білдірді. 

Рәсімге Түркияның Косоводағы Өкілетті елшілігі Әскери атташесі полковник Исмаил Дженкери Эрсөз және FSK  логистика қолбасшысы генерал лейтенант Наим Хазириге қоса әскери лауазымдылар қатысты. 

Қол қойылған құжаттардың артынан мәлімдеме жасаған Хазири Түркия үкіметі мен әскери атташесіне FSK-ге үздіксіз қолдауы үшін алғысын білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар