Коронавирусқа қарсы отандық дәрі өндірілді

Favipiravir  атты дәрінің отандық синтезі лицензия алу сатысына келді.

1434630
Коронавирусқа қарсы отандық дәрі өндірілді

ТР Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк коронавирусқа қарсы отандық дәрі өндірілгенін білдірді. 

''TÜBİTAK "Covid-19 Түркия платформасы" шаңырағында түрік ғалымдар жетілдірген Favipiravir  атты дәрінің отандық синтезі лицензия алу сатысына келді. 

Түрік дәрісін 32 адамдық команда 40 күнде өндіріп шықты. Дәрінің алғашқысы дәріні жетілдірген Стамбул Медипол Университеті оқытушысы Мұстафа Гүзел және дәріні индустрия деңгейіне келтірген Атабай Химия өнеркәсібі фирмасының басшысы Зейнеп Атабай мен TÜBİTAK төрағасы Проф. Хасан Манда тарапынан министр Варанкқа тапсырылды. 

Министр Варанк: “Түрік  дәрігерлері коронавируста көп қолданған дәрінің отандық синтезін ғалымдарымыз Стамбул Медипол Университетінде жетілдірді. Атабай дәрі фирмасы да осы өнімнің коммерциялық инфрақұрылымын дайындады. Отандық синтезбен жетілдірілген маңызды дәрі өндірдік” деді. 

"Covid-19 Түркия платформасы"  шаңырағы астында қазір 17 жоба жүріп жатыр. Бұлардың кейбірі вакцинаға байланысты,  кейбірі дәрі жетілдіруге байланысты жұмыс істейді.



Ұқсас жаңалықтар