Қызылай Стамбұлдағы понтилерге жәрдем берді

Коронавирус індетіне орай жәрдем іс-шараларын ұйымдастырған Түрік Қызыл жарты ай қоғамы аз сандылар қоғамдарына да қолдауын жалғастырып жатыр.

1408655
Қызылай Стамбұлдағы понтилерге жәрдем берді

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне орай жәрдем іс-шараларын ұйымдастырған Түрік Қызыл жарты ай қоғамы аз сандылар қоғамдарына да қолдауын жалғастырып жатыр.

Қызыл Жарты ай қоғамы осы аяда Стамбұлдың Фатих ауданында тұратын көмекке мұқтаж понти отбасылары үшін дайындалған негізгі азық-түлік пен қажетті материалдарды қамтыған 100 жәрдем пакетін Алтымермер Понти Православ шіркеуіне тапсырып берді.

Материалдарды тапсырып беру рәсімінде Түрік Қызыл жарты ай қғамы  әкімшілік кеңесінің мүшесі Ержан Тан Қызылайдың дін, тіл, нәсілге бөлмей, әлемнің көптеген аймағындағы мұқтаждарға көмек қолын созғанын айтты.

Стамбұлдағы мұқтаж  үйден шыға алмайтын 65 жастан үлкен понти отбасыларына жәрдем материалдарын әкелгендерін айтқан Тан:

"Қызыл жарты ай қоғамы ет тағамдары мен тазалық материалдарын әкелдік. Оларды тапсырып бердік. Шіркеу жәрдем материалдарын мұқтаж отбасыларына таратады" деді. 



Ұқсас жаңалықтар