Түркияда вирусты 47 кісі жұқтырды

Кинотеатр, жәрмеңке орталықтары, концерт залдары, неке-той залдары, музыкалық аспапты асханалар, газинолар жабылды.

1379292
Түркияда вирусты 47 кісі жұқтырды

Түркияда жаңа типті коронавирусты (Сovid-19)  жұқтырған кісі саны 47-ге көбейді.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа әлеуметтік желіден жасаған мәлімдемесінде:

"29 жаңа оқиға тіркелді. Бұлардың барлығы төтелей немесе жанамалай АҚШ, Орта Шығыс және Еуропадан келгендермен байланысты, 3 кісі умрадан келді" деді.

Азаматтарды коронавирустан қорғау және індеттің таралуын тосу мақсатымен шаралар жасалып жатыр. 

Шаралар аясында халыққа ашық демалыс және көңіл ашу орындары мен азаматтар бір жерге жиналып, вирустың жұғу қаупін арттыратын мекендердің (Кинотеатр, жәрмеңке орталықтары, концерт залдары, неке-той залдары, музыкалық аспапты асханалар, газино сияқтылар) іс-шаралары уақытша тоқтатылды. 

Сонымен бірге Түркия сағаты бойынша 08.00-ден бастап Ұлыбритания, Швейцария, Сауд Арабиясы, Мысыр, Ирландия және Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшақ рейстері шектелді.

Дін Істері Басқармасының төрағасы Али Ербаш коронавирустың жұғу қаупі өткенге дейін жұма намазын қамтыған мешіттерде "жамағатпен оқылатын намаздардың" тоқтағанын хабарлады. 

Президент Режеп Тайып Ердоған тақырыпқа байланысты бүгін өтуі күтілген көлемді жиналысты басқарады. 



Ұқсас жаңалықтар