Киркуктегі операцияларда 22 ДАИШ-тік террорист өлтірілді

Киркук операциялар қолбасшысы операцияларда 46 ДАИШ-тік террористің ұсталғанын атап көрсетті.

1377118
Киркуктегі операцияларда 22 ДАИШ-тік террорист өлтірілді

Ирактың Киркук қаласындағы операцияларда 22 ДАИШ-тік террорист өлтірілді.

Киркук операциялар қолбасшысы генерал майор Саад Харбийе операциялардың әсіресе қаланың оңтүстігіндегі ауылдық аймақтарда жалғасқанын, операция барысында 46 ДАИШ-тік террористің ұсталғанын атап көрсетті.

Харбийе бұл операциялардың табысқа жетуінде аймақ халқының қолдауының ықпалды екенін және қала қауіпсіздігі мен тұрақтылықты бұзатын ешкімге рұқсат бермейтіндерін атап көрсетті.

ДАИШ 2014 жылы маусым айында Мосул, Салахаддин және Анбар уәлаяттарының толығымен, Дияла мен Киркуктың бір бөлігін бақылауға алған, дегенмен аталмыш аймақтар террордан тазаланған болатын.

Ирактың бұрынғы премьер-министрі Хайдар әл-Ибади 2017 жылы 9 желтоқсан күні ДАИШ-ке қарсы жеңіске жеткендерін жариялаған еді.

ДАИШ-тің елден шығарылып, елді мекендердің кері қайтарылғанына 3 жыл толуына қарамастан ұйымның әсіресе Киркук, Дияла, Мосул, Салахаддин және Анбар аймақтарында шабуылдары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар