Түркияның бейбітшілік жайлы үміті артты

Ердоған Ливияда қазіргі жағдайда  Түркияның бейбітшілік жайлы үмітінің артқанын айтты.

1344145
Түркияның бейбітшілік жайлы үміті артты

Президент Режеп Тайып Ердоған Ливияда қазіргі жағдайда  Түркияның бейбітшілік жайлы үмітінің артқанын айтты.

Президент Ердоған Германиядағы сапарынан кейін елге қайтарда ұшақта журналисттерге мәлімдеме жасады.

Ердоған Берлиндегі Ливия Конференциясына байланысты «Біз күшті мемлекетпіз. Бізден көп нәрсе күтілуде.  Түркия бейбітшіліктің кілті болып табылады. Ливия тақырыбында басқан қадамдарымыз арқасында тепе-теңдік орнатылды. Ливия саяси процесіне қолдауымызды жалғастырамыз» деген сөздер қолданды.

Ливияда қазіргі жағдайда  Түркияның бейбітшілік жайлы үмітінің артқанын түсіндірген Ердоған «Террормен күресу сылтауымен бірқатар ойындардың ойналғанын да көрудеміз» деді.

Ердоған «Ливия Конференциясында Хафтердің келісім мәтініне қол қоймағанын айтып «Мәселе ауыз жүзінде қатысушылардың куәгерлігімен ғана шектелді. Бір нәтиже шығуын күтудеміз» деді.

Ердоған Ливияда Ресей президенті Владимир Путинмен бірге жасаған атысты тоқтату үндеуі атқарылған жағдайда саяси процестің алдының ашылатыны атап өтті.

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакистің төңкерісші Хафтерді Грекияға шақыруымен байланысты бір сұраққа орай Ердоған «Мицотакис Хафтерді Грекияға тек бізге құқай көрсету үшін шақырды» деп жауап берді.



Ұқсас жаңалықтар