Мысырда еркін жіберілген Анадолы агенттігінің қызметкері Түркияға оралды

Мысыр полициясы тергеуге алған Анадолы агенттігі қызметкері Хилми Балджы Түркияға оралды.

1342384
Мысырда еркін жіберілген Анадолы агенттігінің қызметкері Түркияға оралды

Мысырда сейсенбі күні Анадолы агенттігі Каир офисіне басып кірген полиция тарапынан тергеуге алған 4 қызметкердің бірі Хилми Балджы Түркияға оралды.

Мысырдың бас қаласы Каирден сағат 08:00-де Стамбул әуежайына ұшақпен келген Анадолы агенттігі Каир офисі Қаржы және басқару қызметі жауаптысы Балджы баспасөзге жасаған мәлімдемеде еліне оралғаны үшін Аллаға шүкіршілік білдіргенін, мемлекет пен ұлттың қолдауын Мысырда байқағанын атап, «Президентіміз, сыртқы істер министріміз, коммуникация басқармасы төрағамыз және мекемеміздің бас директоры Шенол Казанджы мырзадан бастап тығыз күш  жұмсалғанын көрдік. Қысқа уақытта ең ыңғайлы түрде мәселе шешілді. Еліме осылай оралдым» деді.

Анадолы агенттігі Атқару кеңесі басшысы және бас директоры Шенол Казанджы кеше кешкі уақытта «Мысырда тергеуге алынған 4 қызметкеріміздің бірі Хилми Балджы еркін жіберілді. Қалғандардың да кепілдікпен еркін жіберілуін күтеміз» деген болатын.

Мысыр полициясы 14 қаңтар күні Анадолы агенттігі офисіне басып кіріп Анадолы агенттігі Каир офисі Қаржы және басқару қызметі жауаптысы Балджыға қоса Мысыр азаматы Хүсейин әл-Каббани, Хүсейин әл Аббас және Саясат, экономика және қоғам зерттеулері қоры қызметкері Абдулселам Мұхаммедті тергеуге алып, белгісіз бір жерге апарған болатын.



Ұқсас жаңалықтар