Жапон NHK Стамбулда офис ашты

Беташарға Этноспорт төрағасы Билал Ердоған мен ТРТ Бас директоры Ибрахим Ерен қатысты.

1323648
Жапон NHK Стамбулда офис ашты
ibrahim eren-bilal erdogan-nhk.jpg
nhk.jpg

Жапония Мемлекеттік ақпарат ұйымы NHK 31-ші халықаралық офисін Стамбулда ашты. 

Беташарға арналып қонағасы берілді.

Беташарға Әлем Этноспорт Федерацияның төрағасы Билал Ердоған, Түркия Радио Теледидар Басқармасы ТРТ Әкімшілік кеңесінің төрағасы және Бас директор Ибрахим Ерен қатысты.

Беташарда сөз алған NHK Бас директоры Ричи Уеда 31-ші офистің Стамбулда ашылуының себебі Түркияның халықаралық қоғамдар арасындағы өркендеуіне байланысты екенін айтты. 

Уеда Ибрахим Еренмен бірге Азия Тынық Мұхиты Ақпарат одағында тығыз жұмыстанғандарын білдірді. NHK Стамбул офисі ашылғаннан кейін жапон және түрік халықтарының бірін-бірі тіпті жақыннан тануға орай табатынын айтты және сөзін түрікше аяқтады. 

Ибрахим Ерен де Азия Тынық Мұхиты Ақпарат одағында Уедамен бірге жұмыстанғандарын ескертті. NHK-ның жұмыстарына ТРТ ретінде қолдау беретіндерін дәріптеді. 

Ибрахим Ерен NHK Стамбул офисінің Түркия мен Жапония достығына есе қосатынын айтты. Офис қызметкерлеріне жапонша табыс тіледі.



Ұқсас жаңалықтар