Сыртқы істер министрі Бангкокқа барды

Чавушоғлу "ASEAN" жиналысы үшін барған Тайландта филиппиндік әріптесімен бас қосты.

1244670
Сыртқы істер министрі Бангкокқа барды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Оңтүстік шығыс Азия елдері одағының (ASEAN) 52-Сыртқы істер министрлері жиналысына қатысу үшін барған Тайландта Филиппиндер Сыртқы істер министрі Теодоро Локсинмен бас қосты.

Чавушоғлу Твиттер арқылы жасаған мәлімдемеде «ASEAN жиналысында оңаша кездесулерім барысында Филиппиндер Сыртқы істер министрі Теодоро Локсинмен бас қостық. Түркия-Филиппиндер дипломатиялық қарым-қатынастарының 70 жылдығында сауда көлеміміз бен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығын арттырғымыз келеді. Филиппиндердің бейбітшілік кезеңіне үлес қосуды жалғастырамыз» деді.

Тайландтың бас қаласы Бангкокта 27 шілде күні басталған Оңтүстік шығыс Азия елдері одағының (ASEAN) 52-Сыртқы істер министрлері жиналысы 3 тамыз күні аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар